Балалардың қауіпсіздігі әрдайым біздің басты назарымызда болуы тиіс. Жыл сайын балалардың терезеден құлап кету салдарынан жарақат алуы жағдайлары тіркеледі. Өкінішке қарай, мұндай қайғылы оқиғалардың көпшілігі ересектердің сәттік назарсыздығынан орын алады.
Есіңізде болсын: ашық терезе бала үшін үлкен қауіп төндіреді. Балалар табиғатынан өте қызығушыл келеді, олар сыртқа қарағысы келеді, терезе алдына сүйенеді немесе москит торына тіреледі. Алайда москит торы баланың салмағын көтере алмайды және құлаудан қорғамайды.
Бұндай жағдайлардың алдын алу үшін:
• балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз;
• терезелерге арнайы бекіткіштер мен бұғаттағыштар орнатыңыз;
• баланың терезе алдына шығып кетпеуі үшін жиһазды терезеден алысырақ қойыңыз;
• балаларға терезе маңындағы қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыз.
Балалардың өмірі мен денсаулығы — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Әр баланың балалық шағы бақытты әрі қауіпсіз болсын!
Балаларыңызды қорғаңыздар! 💙




